Narikbi LIVE

Narikbi LIVE

Narikbi Maksut 100 Эпизодтар мау 5, 2026

Қазақстан жастарының рухани, интеллектуал дамуына үлес қосып, өмірдің құндылықтарын айқындауға көмектесетін подкаст. Жетістікке жеткен адамдардың лайфхактарын тыңдап, бірге өс!

Эпизодтар

Киім брендінің шын бағасы / Corneli / Жандос Қонақбаев / Narikbi LIVE #139
Киім брендінің шын бағасы / Corneli / Жандос Қонақбаев / Narikbi LIVE #139 мау 5, 2026 6452 Бұл подкаст қонағы CORNELI және Crinzo киім брендінің негізін қалаушысы Жандос Қонақбаев. Кәсіпкерлік жолын Алматыда студент болып чехол сатып бастаған Жандос, кезінде Астанаға келіп, такси жүргізуге дейін барған. Алайда кейін өзінің премиалды киім брендін ашты. Қаңтар оқиғасы кезінде дүкені тоналды. Бірақ қайта тұрды. Әңгіме барысында оның жолы туралы — нөлден бастап, қалай бренд құрғаны, қандай
Абдрашит Түлкібай: сені гормондар басқарады / Narikbi LIVE #138
Абдрашит Түлкібай: сені гормондар басқарады / Narikbi LIVE #138 мау 5, 2026 5396 Бүгінгі қонағым — психофизиолог Абдрашит Түлкібай. Біраздан бері осы тақырыпта әңгіме жазғым келіп жүр еді — гормондар, ми, мінез. Себебі бұл нәрселер бәрімізге қатысты, бірақ көбіміз бұған терең үңіле бермейміз. Серотонин, дофамин, кортизол деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ олар шын мәнінде не?  Мида қалай жұмыс істейді? Көңіл-күйімізді, шешімдерімізді, тіпті мінезімізді қалай басқарады? Үрей қай
Асқар Сабдин: Иран — біз білмейтін тарих / Narikbi LIVE #137
Асқар Сабдин: Иран — біз білмейтін тарих / Narikbi LIVE #137 мау 4, 2026 5254 inVision U-ға түсу: https://www.invisionu.education/kz/apply?utm_source=narikbi_maksut&utm_medium=affiliate&utm_campaign=open_call_announcement_partnership_290426   Иран — биылғы жылы тек Таяу Шығыс емес, бүкіл әлем назарын өзіне аударған ел. Бірақ біз бұл ел туралы не білеміз? Парсы өркениеті, шиизм, аятолла билігі, имамдар ілімі, қазақ тіліндегі парсы сөздері, әзербайжандар тағдыры, шека
Талғат Тынымбай: Талғатпен сұхбаттың шындығы / Narikbi LIVE #136
Талғат Тынымбай: Талғатпен сұхбаттың шындығы / Narikbi LIVE #136 мау 4, 2026 5109 Бүгін Narikbi LIVE подкастында — белгілі стендап-комик Талғат Тынымбай. Оның әзілдеріндегі стиль бөлек, ал «Талғатпен сұхбат» жобасы қазақ ютубындағы ең ерекше контенттің бірі екені сөзсіз. Бұл шығарылымда Талғаттың сахнаға қалай келгенін, интроверттердің ішкі әлемін және неге көп жұлдыздардың жабық болатынын талқыладық. Қосыңыз, өте қызық әрі шынайы әңгіме болды! Talgat: https://instagram.com/tal
Ильяс Кунпеисов: өміріңді құрта бермей, өзіңді қайта таны / Narikbi LIVE #135
Ильяс Кунпеисов: өміріңді құрта бермей, өзіңді қайта таны / Narikbi LIVE #135 нау 18, 2026 7661 Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін.  - Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз?  - О
Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134
Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134 ақп 26, 2026 9540 Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек. Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма
Данияр Аренов: ерке емес, еркін бала тәрбиелеу / Narikbi LIVE #133
Данияр Аренов: ерке емес, еркін бала тәрбиелеу / Narikbi LIVE #133 ақп 5, 2026 7106 Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық. Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық: • Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?. • «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүй
2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Мират Ахметсадық / Narikbi LIVE #132
2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Мират Ахметсадық / Narikbi LIVE #132 ақп 5, 2026 5727 2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр. Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық. Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына айна
Ануар аға: қажылықтың шын мағынасы / Narikbi LIVE #131
Ануар аға: қажылықтың шын мағынасы / Narikbi LIVE #131 ақп 5, 2026 7085 Қажылық — мұсылман үшін парыз етілген ұлы сапар, жүректі жаңартатын үлкен мектеп. Бірақ бүгінде біз кейде оның сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, шын әрі терең мағынасына үңіле бермейміз. Шынымды айтсам, бұл жағдай менің де басымнан өткен. Осы шығарылымда біз қонағымыз — тәжірибелі қажы-гид Ануар ағамен бірге қажылықтың жолын толық талқылаймыз: ниеттен бастап, ихрам, тауаф, сағи, Арафат, Муздалифа,
Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130
Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130 ақп 5, 2026 4395 🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең көп (7500-ден астам) ота жасаған сирек мамандардың бірі. 🧠 Бұл сұхбатта біз ми, медицина және өмірдің мәні туралы терең әңгімелестік: • Қазақстанда сапалы ота алу қаншалықты қолжетімді? • Жаңа технологиялар дәріг
Қайрат Құрманбаев: Палестина, Құддыс және билік / Narikbi LIVE #129
Қайрат Құрманбаев: Палестина, Құддыс және билік / Narikbi LIVE #129 қаз 10, 2025 5094 Бүгінгі қонағымыз – белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент, дінтанушы Қайрат Құрманбаев. Бұл шығарылымда біз бүкіл әлемді алаңдатқан Палестина мәселесінің тарихи тереңіне үңілдік:  • Құддыс жерінің қасиеті неде?  • Неге ғасырлар бойы бұл мекен үшін соғыстар тоқтамады?  • Палестина біз үшін неге маңызды?   Kairat: https://instagram.com/kairat_kurmanbayev https://instagram.com/qairat_ustaz Narikbi
Арын Құнанбайұлы: сөз мәдениеті, Абай vs. әл-Ғазали және ән талдау / Narikbi LIVE #128
Арын Құнанбайұлы: сөз мәдениеті, Абай vs. әл-Ғазали және ән талдау / Narikbi LIVE #128 қыр 30, 2025 10410 Бүгінгі қонағымыз – белгілі филолог, KBTU және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Арын Құнанбайұлы. Бұл шығарылымда біз маңызды тақырыптарды талқыладық: • Оқу және жазу мәдениеті; • Абай мен әл-Ғазали шығармашылығының үндестігі; • Қазақ тілінде терең ойлану мәдениетінің әлсіздігі мен себептері; • Танымал әндердің мәтіндері мен олардың шынайы мағынасы. Терең ой, әдеби талдау мен жаңа көзқарастарды бірге іздед

Ұсынылады